- Hyundai IONIQ 5 «Автомобильдер және көлік» санатында IDEA 2021 сыйлығының бас жүлдесі – «Алтын марапатты» жеңіп алды
- Hyundai Bluelink қолданбасы мен Genesis Infotainment жүйесі «Цифрлық өзара іс-қимыл» санатындағы финалға шықты
- IDEA – Солтүстік Америкадағы ең беделді дизайнерлік марапаттардың бірі; оны Американың өнеркәсіптік дизайнерлер қоғамы ұсынады және әлемдегі ең беделді дизайн сыйлықтарының үштігіне кіреді
Hyundai Motor компаниясы және Genesis бренді жайлылықты арттыруға бағытталған дизайндағы серпінді жетістіктер үшін 2021 International Design Excellence Awards (IDEA 2021) беделді марапатына ие болды.
Hyundai IONIQ 5 – Hyundai Motor компаниясының аккумуляторлы электромобилінің бірінші моделі және IONIQ суббренд желісінің орташа өлшемді кроссовері – «Автомобильдер және көлік» санатындағы байқаудың ең жоғары «Алтын марапатын» жеңіп алды. Өз кезегінде, Hyundai Bluelink қолданбасы және Copper Design стилінде орындалған Genesis Infotainment мультимедиялық жүйесі «Цифрлық өзара іс-қимыл» санатындағы байқаудың финалына шықты.
Hyundai IONIQ 5 «Алтын марапатының» және Hyundai Bluelink қолданбасы мен Genesis Infotainment жүйесінің финалға шығуының арқасында Hyundai Motor компаниясы IDEA 2021 конкурсында үш құрметті орынды қамтамасыз етті. IDEA сыйлығы 1980 жылдан бастап беріледі. Оны Американың өнеркәсіптік дизайнерлер қоғамы (IDSA) құрды және Солтүстік Америкадағы дизайн саласындағы ең жоғары марапат болып саналады. IDEA байқауының жеңімпаздары мен финалистері қатаң іріктеуден өтеді, оның барысында инновацияларды, өнімнің артықшылықтарын, әлеуметтік жауапкершілікті және басқа параметрлерді мұқият бағалау жүзеге асырылады.
«Hyundai IONIQ 5 электромобиліне берілген IDEA сыйлығының бас жүлдесін – «Алтын марапатты» алу біз үшін үлкен мәртебе», – деді Hyundai және Genesis жаһандық дизайн орталығының аға вице-президенті және басшысы Ли Санг Юп (SangYup Lee). – IONIQ 5 дизайнерлік тұжырымдамасын әзірлеу кезінде біз Hyundai Motor компаниясының бай тарихына жүгіндік. Нәтижесінде, бұл автомобильдің ескірмейтін сыртқы көрінісі өткенді, бүгінді және болашақты керемет біріктіреді. IONIQ 5 және IDEA 2021 сыйлығының ең жоғары марапаты біздің арман дизайнерлік командамыздың, сондай-ақ Намьянгадағы әзірлемелер орталығының инженерлерінің ынта-жігерінің, адалдығының және шығармашылық ынтымақтастығының нәтижесі болды».
IONIQ 5 өңделуінде «Параметрлік пиксельдер» қолданылады – цифрлық ұяшықтарға ұқсайтын кішкентай ерекше элементтер, ал шанақты бояу кезінде экологияға зиян келтірмейтін әдіс қолданылады. Мұның бәрі аналогтық және цифрлық стильге тән қасиеттерді талғампаз түрде біріктіруге мүмкіндік береді. IONIQ 5 аккумуляторлы электромобильдерінің осы және басқа да көптеген элементтері IONIQ суббрендінің уақытқа бағынбайтын дизайнерлік тәсілін және құндылықтарын тиімді көрсетеді.
2020 жылы Hyundai Motor болашақ IONIQ 5 электромобилі дизайнының түпбейнесі ретінде қызмет еткен «45» концепт-кары үшін IDEA сыйлығының «Қола медалін» жеңіп алды. Сондай-ақ, байқауды ұйымдастырушылар Hyundai автомобильдері дизайнының бағытын оң бағалады, оның орталығында электрлендіру, автономды технологиялар және кедергісіз коммуникация орналасқан.
Сонымен қатар, Hyundai Bluelink қолданбасы IDEA 2021 финалистерінің тізіміне кірді. Осылайша, бұрын iF Design Awards 2021 және Red Dot Design Awards 2021 марапаттарын алған бағдарлама әлемдегі ең беделді үш дизайн сыйлықтарында бірінші орынға шықты. IDEA байқауының қазылар алқасы қолданбаның инновациялық интерфейсінің эстетикалық дизайнымен және пайдалану ыңғайлылығымен үйлесімін, сондай-ақ Hyundai Motor кіріктірілген цифрлық кілті және Car Pay функциялары сияқты шешімдердің болуын, пайдалану ыңғайлылығымен және минималистік дизайнымен ерекшеленетінін атап өтті.
Бұрын 2021 жылы iF Design Awards сыйлығын жеңіп алған Genesis Infotainment жүйесінің IDEA 2021 сыйлығының финалына шығу оның ұтымды, бәсекеге қабілетті дизайны мен қолданушыға бағдарланған интерфейсін одан әрі баса көрсетеді. Copper Design стилистикасын іске асыратын жүйе Genesis брендінің автомобильдері мен шешімдерінің беделділігі мен талғампаздығын көрсетеді, сондай-ақ цифрлық ортаның қажеттіліктеріне бейімделген пайдаланушы дизайнының клиентке бағдарлануын бейнелейді.