Сенбі, 21 мамырда Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы эко-іс-шараны өткізді. HAK қызметкерлері Алматыдағы Қалалық жұқпалы аурулардың клиникалық балалар ауруханасының аумағында 100 алма мен алмұрт ағаштарын отырғызды.
Ағаш отырғызуға компания басшылығын қосқанда 60 адам қатысты.
«Бүгін біз жаңа балалар ауруханасының аумағында ағаштар аллеясын отырғыздық. Іс-шара соңында біз естелік картина жасадық: әркім кенепте саусағының ізін қалдырып, ағаштарымыздың өсуін, еліміз жасыл болып, бейбітшілікте өмір сүруін тіледі», – деп бөлісті «Астана Моторс» құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибуциясының директоры Денис Коломацкий
Бұл компания өткізген алғашқы осындай акция, бірақ соңғысы емес. Hyundai Auto Kazakhstan бұдан әрі де көгалдандыру мен экологияны жақсартуға үлесін қосатын болады.
Айта кетейік, 2020 жылы Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы ковидтік жұқпалы аурулар ауруханаларына көмек көрсетті, оның ішінде "multiFiltrate жедел диализ жүйесі" (Германия) медициналық жабдығын сатып алуға 51 млн теңге бөлді және оны Нұр-Сұлтан қаласының фтизиопульмонология қалалық орталығына берді.