Hyundai ұсынған жаңа стильді кішкентай кроссовер – бұл нағыз цифрлық «жарқыл». Бізді бір мезетте Францияның оңтүстік-батысындағы басктар еліне, бір аттас Байонна қалашығына апаратын жарқын сыртқы түрі мен аты – көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және армандарды орындау үшін жасалған.
Bayon заманауи автоәлемдегі әйгілі құбылыс – Hyundai i20 шағын хэтчбегінің кросс-нұсқасы ретінде ойластырылған. Ол үлкенірек, биігірек және кеңірек, бұл тұтынушылардың қажеттіліктеріне жауап береді, бірақ үнемді және ыңғайлы.
ЭКСТЕРЬЕР
Дәл сондықтан Bayon дөңгелек базасын 2580 мм мөлшерінде сақтап қалды, бірақ барлық басқа бағыттар бойынша айтарлықтай «өсті»: ұзындығы +140 мм (4180 мм), ені +11 мм (1775 мм) және биіктігі +40 мм (1490 мм). Сонымен қатар, ол дөңгелектерінің диаметріне байланысты (15-тен 17 дюймге дейін) 165-тен 183 см-ге дейін жоғары клиренске ие болды.
Сыртқы жағынан Bayon өте жинақы және әдемі, сондықтан ол бірінші рет танысқан кезде өте жағымды әсер қалдырады және брендтің жаңа Sensuous Sportiness философиясын көрсетеді. Сүйір пішінді мәнерлі профиль, жебе тәрізді фаралар, кең радиатор торы, жебе тәрізді артқы тірек және басқа да ерекше дизайнерлік шешімдер кроссоверді стильді етеді және көліктер ағынында ерекшелендіреді (тек көлемінің арқасында ғана емес).
Айтпақшы, Bayon-ның оңай дараландырылуы да осындай шешімдерге жатады – кішкентай кроссовердің тартымды силуэтін тоғыз түстің бірімен және екі түсті шатырмен (опция) толықтыруға болады. Ал егер Phantom Black қара түсті айна корпустарының қосымша безендірілуін орнатсаңыз, стиль мен батылдық кейпі арта түседі.
ИНТЕРЬЕР
Бірақ автокөлік туралы «мұқабасына» қарап қорытынды жасамаңыз - сыртқы жағынан өте ықшам, Bayon бүкіл отбасы жайлы орналаса алатын таңғаларлық кең салонымен мақтана алады. Көлемі 411 л багаж бөлімінде (1205 л – жаюлы артқы диванмен) қала бойынша немесе оның шекарасынан тыс жерлерге сапар жасау үшін барлық заттар оңай сыйып кетеді.
Дизайнерлер мен инженерлер сыртқы өлшемдерін ескере отырып, салонды мүмкіндігінше кең және ыңғайлы етіп жасады. Жоғары қондырма, кең шолу мүмкіндігі, керемет басқарылушылық, артқы жолаушылардың аяқтары үшін қосымша орын – Bayon өзіне 100% сенімді және жүргізушіге осы сенімділікті береді.
Bayon салонында – терең көк түсті жарықдиодты жарықпен жарықтандырылған цифрлық патшалық. Торпедоны диагоналі 10,25 дюйм болатын екі дисплей тиянақтайды – біреуі – виртуалды құрылғыларға, екіншісі – медиа жүйеге арналған. Екі дисплейді де пайдалану барынша ыңғайлы және әлемдегі барлық нәрсе туралы - жол қозғалысы, нақты уақыт режиміндегі ауа райы, инфрақұрылым нысандары және басқалары туралы ақпарат береді. Орындықтар жоғары сапалы матамен, ал салон жұмсақ, қолмен ұстағанда жағымды пластиктен қапталған. Жұмсақ түстермен безендірілуінің және әсем екпіндерінің арқасында BAYON салонында тыныштық атмосферасы орнайды, бұл босаңсуға және көлік жүргізуге зейін қоюға көмектеседі.
Бірақ ең үлкен әсер қалдыратыны - кішкентай Bayon-ның бай опционалы: орталық консольдегі қуаты 10 Вт сымсыз зарядтау (ең бастысы, телефоныңыз QI функциясын қолдаса болды) және 8 динамигі бар жоғары сапалы Bose аудио жүйесі (меломанның арманы). Сондай-ақ, автомобиль Apple CarPlay™ және Android Auto™ технологияларын қолдайды, олардың көмегімен премиумды дыбыста өзіңіздің сүйікті әуендеріңізден, сондай-ақ телефоныңыздың басқа да пайдалы функциялары мен үлкен дисплейдегі қолданбалардан ләззат ала аласыз.
Сонымен қатар, жаңа Bayon жүргізушіге жолдардағы көптеген жағдайларға әсер ететін «адамдық фактордан» аулақ болуға көмектесетін инновациялық технологиялардың толық арсеналына ие. Hyundai біз өзіміздің кемелсіз адами қасиеттерімізді сабырлы түрде көрсетуіміз үшін Bayon-ға бірнеше жетілген технологиялық шешімдерді қосты. Айта кететіні, бұл жүйелердің көпшілігі әдетте қымбатырақ сегменттердің автомобильдерінде қолданылады.
Hyundai SmartSense жүргізушіге көмек көрсетудің озық жүйелерінің жиынтығы соқыр аймақтарды мониторингілеуді, алдағы кедергіге дейін автоматты тежеу жүйесін, жүргізушінің жай-күйін бақылау жүйесін және бірнеше белсенді көмекшілерді - жолақты орталықта ұстау, көлік кептелісіндегі қозғалыс және алыс жарықты басқаруды қамтиды.
ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
BAYON моделін жасаушылардың алдында көлік жүргізуден алатын рақаттық сезіміне нұқсан келтірместен шығарындылар көлемін азайту міндеті тұрды. Сондықтан Bayon капотының астында – KAPPA желісінен шыққан 1,4 литрлік MPI бензин қозғалтқышы, ол 6 сатылы «автоматпен» және алдыңғы жетекпен бірге жұмыс істейді.
Мотор 6000 айн/мин кезінде 100 а.к. береді, бұл кішкентай кроссовердің (1132-1220 кг) салмағын ескерсек, қалада үдету немесе тас жолда басып озу кезінде айтарлықтай динамика береді. Бұл ретте отын шығыны қалалық ырғақта – бар болғаны 9,4 литр, ал трассалық ырғақта – 6,6 литр.
Hyundai Bayon бағасы 10 990 000 теңгеден басталады және 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы барлық Hyundai ресми дилерлік орталықтардан сатып алуға болады*.
* Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторының дилерлік желісіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Көкшетау, Семей, Тараз қалаларындағы 22 автоорталық кіреді.