Hyundai Semey
Семей қ. Гагарина көш., 168А

Қаржы лизингі

- бұл кәсіпорындар үшін үлкен экономикалық пайда әкелетін тиімді, ыңғайлы және қолжетімді қаржы құралы.
Қаржы лизингі өз резервтерін және қиын кредиттерді тартпай кәсіпорынның өндірістік қуатын күшейтуге мүмкіндік береді.

Шарттары:

  • Заңды тұлғалар үшін;
  • Аванстық төлем - лизинг заты құнынан 10%-дан бастап;
  • Сыйақы мөлшерлемесі жеке қарастырылады;
  • Лизинг мерзімі 37 айдан 48 айға дейін;
  • Өтінімді қарау мерзімі – 3-тен 5 жұмыс күніне дейін.

Артықшылықтары:

  • Ең аз бастапқы капитал салу қажет болады және айналым қаражатынан ақша ресурстарының ірі сомасын алу қажет емес;
  • Сатып алынатын лизинг заты мәміленің жалғыз қамтамасыз етуі болып табылады (қосымша кепіл талап етілмейді);
  • Лизингтік төлемдер өндіріс шығындарына жатады, бұл салық салу базасын төмендетеді, ал ұзақ мерзімді бөліп төлеу тұрақты төлемдердің мөлшерін айтарлықтай төмендетеді және Сізге өз активтерін неғұрлым ұтымды басқаруға мүмкіндік береді;

Лизинг шартының қолданылу мерзімі және барлық лизингтік төлемдерді төлеу мерзімі өткеннен кейін лизинг заты Лизинг алушының меншігіне өтеді.

Оперативтік лизинг

  • Бастапқы жарна – 0%;
  • Жалдау мерзімі – 12 айдан 60 айға дейін;
  • Өтінімді қарау және мақұлдау мерзімі 5 жұмыс күніне ДЕЙІН

Оперативтік лизинг - бұл жаңа автокөліктерді сатып алуға инвестицияларды оңтайландыруға және азайтуға, сондай-ақ қаржылық тәуекелдерді және автокөліктің қызмет ету мерзімінде жөндеуге кететін шығындарды жоюға көмектесетін сервистік қызметтер толық пакеті бар ұзақ мерзімді автокөлікті жалға алу.

Артықшылықтары:

  • Қаражат пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін тиімді автопарк аутсорсингі
  • Ұтқырлық, бейінді емес жүктемелерді азайту, уақытты үнемдеу
  • Паркте автокөліктерді иеленуге жұмсалатын шығынды азайту
  • Қаржылық тәуекелді төмендету (техникалық қызмет көрсету, күтпеген шығындар, бейінді емес активтер)
  • Операциялық тәуекелді төмендету (автомобильге техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс көлемі, кадрлар, жалақы, күзет, паркинг, жанар-жағармай)

Шарттары:

  • Сіздің корпоративтік саясатыңызға сәйкес автокөлікті таңдау;
  • Ай сайынғы тиянақталған төлем;
  • Автокөліктер саны: ең аз – 1 бірлік, ең көп – шектеусіз;
  • Өтінімді қарау мерзімі – 3-тен 5 жұмыс күніне дейін;
  • Ай сайынғы жалдау төлемдері операциялық шығындарда көрсетіледі, солайша пайдаға салынатын салық бойынша салық салу базасын азайтады;
  • Қазақстан бойынша серіктестік желісі.

Толығырақ Astana Motors Finance сайтында: https://finance.astana-motors.kz/kk/